Консультативтік пункт 2024-2025 оку жылына арналған жұмыс жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған консультациялық пункт жұмысының жоспары
Ақтау қалалық Білім бөліміне қарасты № 44 «Шаттық» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде балалары мектепке дейінгі ұйымдарға келмейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс істейді.
Консультациялық пункт отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің біртұтастығы қамтамасыз ету, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемесіне қатыспайтын балалардың тұлғалық жан -жақты дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылды және де Ұлттық білім беру базасында да ата-аналарға арналған консультациялық пункт бар екендігін ескертеміз.
Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:
бөбекжайға қатыспайтын балаларды дамытуға жағдайларды қамтамасыз етуде ата-аналарға жан -жақты көмек көрсету;
мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша, балабақшаға бейімделуі ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;
МДҰ қатыспайтын мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды әлеуметтендіруде жәрдем көрсету;
МДҰ қатыспайтын мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқуларының профилактикасын жүргізу болып табылады.
Осы орайда, жоспарға сәйкес ата- аналармен бөбекжайға қатыспаған балаларға жоспарлы түрде жұмыстар жүргізуге дайынбыз.















