Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мақсаты: Өтілген ертегілерден алған білімдерін тиянақтау.
Балаларды ертегі желісі арқылы адал достыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың көлеңке театры туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ойлау қабілетін, қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көлеңке театры арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып,кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Өз ісін жетік меңгерген, қазіргі заманғы озық технологияны ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдана отырып, баланың жан-жақты қабілетін, толыққанды дамуына қолдау көрсете білетін, білікті де, білімді, дарынды, шығармашыл тәрбиешіні анықтау.
Бөбекжайымызда 18.11.2025 жылы «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы аясында, №44 «Шаттық» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК , №42 «Түймедақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК №60 «Ертөстік» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, №14 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ арасында «Тіл-ең асыл құндылық» тақырыбында қазақ тілі пәні педагогтермен іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты тәрбиеленушілерді өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың бойында қалыптасқан игі қасиеттерді бала бойына дарытуға ықпал ету,
Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. №44 «Шаттық» бөбекжайы Айтжанова Л.К., Жантакбаева С,К., Қалдыбаева А.Қ.,Тынысбай Н.О. №42 «Түймедақ» бөбекжайы Тлепиева Н.И. №60 «Ертөстік» бөбекжайы Демесбаева С.Д., Ахназарова Т.М., Джумагулова Т.С. №14 жалпы білім беретін орта мектеп КММ Нурасылова Ф.А және №44 «Шаттық» бөбекжай ата-аналары іс-шара соңында,ұсыныс-пікірлерін білдіріп,талдау жасап өтті. Өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Мақсаты: Балалардың бағдаршам туралы түсінігін қалыптастыра отырып,жолда жүру ережесімен таныстыру,көшелер туралы ұғымды кеңейту,көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту,үлкендердің еңбегімен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың туған жеріне,еліне,рәміздеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Отанын құрметтеуге,елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі- Республика күні туралы түсінік беру.Ән айту,би билеу, арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Консультациялық пункт жұмысы
15.10.2025 ж.
№44 "Шаттық" бөбекжайы қыркүйек айында үйде тәрбиелеп отырған балаларға тіл дамытатын ойындар ойнатылды.
Мақсаты: Сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.