Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2024 жылдың сәуірдің 27-ші жұлдызында “Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру, Ақтау қаласының жол картасы бойынша бөбекжайдың жұмыс жоспарына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ата-аналармен бірлескен тазалық іс-шарасы өтті.
Ата-аналар бөбекжай аумағында тәрбиешілерге ойын алаңдарын жазғы демалыс маусымына дайындауға көмектесті: жабдықтарды бояу және жөндеу, ағаш отырғызу т.б. жұмыстарды жүргізді.
Барлық ата-аналарға бөбекжай өміріне белсенді қатысқандары үшін үлкен рақмет айтамыз! Бұл балаларға деген қамқорлықтың тамаша үлгісі деп білеміз.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің оқу жылы бойы өткен материалдардан білімін нығайту,қарапайым есептерді шешуге, өз ойларын жеткізі білуге, тіл байлығын дамыту және эстетикалық талғамдарын арттыру. Жыл бойы аралығындағы алған білімдерін саралау.
Мақсаты:
1.Жолда жүру ережесін есте сақтауға, тәрбиеленушілерге жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
2.Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
3.Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
07-17.11.2023 жыл аралығында №44 "Шаттық" бөбекжайында тоқсандық бақылау ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің өткен материалдардан білімін нығайту,қарапайым есептерді шешуге, өз ойларын жеткізі білуге, тіл байлығын дамыту және эстетикалық талғамдарын арттыру. Осы уақыт аралығындағы алған білімдерін саралау.
28.03.2024 жылы зум платформасында «МДҰ әдіскерінің білім беру сапасын бағалаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында вебинар өткізілді.
Мақсаты:МДҰ педагогтерімен тәжірибе алмасу арқылы, біліктіліктерін арттыру, кері байланыс жасау.
Вебинарды Ақтау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі оқу әдістемелік орталығының әдіскері Жилгельдина Г.С. ашып берді. Бағдарлама бойынша Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің білім беру сапасын бағалаудың параметірлерлерінің бірі «Білім беру қызметі», «Даму ортасы» тақырыбы бойынша №44 «Шаттық» бөбекжайы әдіскерлері Айтжанова Л.К., Кошмурзаева А.А. слайд арқылы баяндама жасады.
Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің білім беру сапасын бағалаудың параметірлері оның ішінде «Баланың психологиялық жайлылығы», «Денсаулық сақтау қызметі» туралы №58 «Балауса» бөбекжайы әдіскері Уразбекова М.М. толық мәлімет берді.
Келесі параметірі «Отбасы мен баланың мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметіне қажеттілігі» тақырыбында №28 «Балдәурен» бөбекжайы әдіскерлері Кулбаева А.Ж., Есболова А.Р. Отбасы құндылықтары туралы және бөбекжайда оны жүзеге асыру жөнінде баяндама оқыды.
Вебинар соңында кері байланыс орнады.
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.
Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.
Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
28.11.2023 жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында №2 «Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қасиеттерін ескере отырып шығармашылығын жаңа әдістер мен технологияларды,театр түрлерін қолдану арқылы дамыту» тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті.
17.11.2023 жылы «Әкем-асқар тауым» атты балабақша ішілік байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты:қазақ халқының дәстүрлі спорттық ойын әрекетіне баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулыққа және салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыру. Отбасы мен балабақша ынтымақтастығын арттыру.Әкенің жанұядағы рөлін дәріптеу.
07-17.11.2023 жыл аралығында №44 "Шаттық" бөбекжайында тоқсандық бақылау ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің өткен материалдардан білімін нығайту,қарапайым есептерді шешуге, өз ойларын жеткізі білуге, тіл байлығын дамыту және эстетикалық талғамдарын арттыру. Осы уақыт аралығындағы алған білімдерін саралау.