№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№44 «Шаттық» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК №11 және №12 мектепалды қазақ топтары №14 мектепке саяхатқа 24 қыркүйек күні барды.

 Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар. Сондықтан, бақша балалары мектепке мақсатты саяхатты оқу бөлмелеріне кітапханаға,асханаға,спорт залына,мәжіліс залы, спорт алаңына жасады.

Мектеп оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Б.Е.Ергалиева балаларды қарсы алып, қызықты, танымды саяхатты ұйымдастырды. Балалардың әр бір қойылған сұрағаны жауап беріп, мектептің әрбір көрікті,балаларға қызықты жерлеріне  саяхатын ұйымдастырды.