№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

2024 жылдың сәуірдің 27-ші  жұлдызында “Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру, Ақтау қаласының жол картасы бойынша бөбекжайдың  жұмыс жоспарына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ата-аналармен бірлескен тазалық іс-шарасы өтті.

Ата-аналар бөбекжай аумағында тәрбиешілерге ойын алаңдарын жазғы демалыс маусымына дайындауға көмектесті: жабдықтарды бояу және жөндеу, ағаш отырғызу т.б. жұмыстарды жүргізді.

Барлық ата-аналарға бөбекжай өміріне белсенді қатысқандары үшін үлкен рақмет айтамыз! Бұл балаларға деген қамқорлықтың тамаша үлгісі деп білеміз.