№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, мобильді топтың ұйымдастыруымен балабақша мен ата-аналардың ынтымақтастығын нығайту, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарыту мақсатында, Ақтау қаласы, №44 «Шаттық» бөбекжайында «Балалықты еске алу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға аудан, қала мектептерінен 30 мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты. Семинарда «Ұлттық құндылық-ел қазынасы», «Қар ханшайымы», «Ою-өрнек сыр шертеді», «Балалықты еске алу» тақырыптарында шебер сыныптар, ашық сабақтар мен тренингтер көрсетілді

Семинар соңында педагогтер кері байланыс орнатып, семинардан алған іс-тәжірибелері туралы өз ойларын ортаға салды.

 

тәрбиеленушілер мен  ата-аналарға  адам  денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Тәрбиеленушілердің  және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

 

«Ұлттық құндылық-ел қазынасы» кіріктірілген кешенді ұйымдастырылған іс-әрекеті (ересек қазақ тобы)

Спикерлер:

№60 «Ертөстік» бөбекжайы Батырова Аймангуль Сайкалыевна

№37 «Мәншүк» бөбекжайы Мамытова Гул Абдигалымова

«Кішкентай саяхатшылар» кіріктірілген кешенді ұйымдастырылған іс-әрекеті (мектепалды  қазақ тобы) №44 «Шаттық» бөбекжайы

Тәрбиешілер: Кантурлиева Толганай Мухаммеджановна

Джанбирбаева Айнаш Бекбергеновна

Жантакбаева Саулет Курмангазиевна

Әдіскер: Айтжанова Лена Куракбаевна

«Қазағымның ұлттық құндылықтары»кіріктірілген кешенді ұйымдастырылған іс-әрекеті (мектепалды  қазақ тобы)

Спикерлер: №31 «Еркемай» бөбекжайы  Сабденбекова Улжалғас Умиркуловна

№33 «Әлия» бөбекжайы Слейхан Бакатжан

«В гостях у профессора Почемучкина» (орыс,мектепалды  даярлық тобы)

№44 «Шаттық» бөбекжайы   Османова Равият Адигузеловна  

  Спикер: №43 «Батыр» бөбекжайы     Асабаева Айгуль Егдирбаевна

Тренинг педагогтермен «Бірлігіміз жарасқан әріптестерміз» №44 «Шаттық» бөбекжайы

Қарағұлова Аманкүл Сегізбайқызы

 Нурдаулетова Роза Сағынтаевна өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға 11 қалалық бөбекжай тәрбиешілері қатысты. Қатысушылар өз ойларын,жылы лебіздерін жеткізді.

" «Қауіпсіздік» бағытында ұйымдастырылған іс-әрекеті

№12 «Шаттық» мектепалды тобы

Тақырыбы: «Менің қауіпсіз әлемім»

Мақсаты: балаларға үйдегі,көшедегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпті жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап сақтауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Дәулетова А.Ш.

#біртұтас_тәрбиебағдарламасы

#қауіпсіздік

 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

 

 

салауатты өмір салтын ұстану, жеке және командамен жұмыс жасай білу құндылықтарын іске асыру мақсатында педагогтер арасында "Көңілді эстафета" тақырыбында спорттық жарыс ұйымдастырылды.

     «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде 08 қаңтар күні №60 «Ертөстік» бөбекжайында 2024 – 2025 жылғы жоспарын құру үшін бірлескен серіктестік тобының отырысы болып өтті. Бірлескен топ құрамында : №44 “Шаттық” бөбекжайы әдіскері - Айтжанова Л.Қ. №42 “Түймедақ” бөбекдайы әдіскері-Карабалаева Д.С., №14 Жалпы білім беретін орта мектеп завучы Ахметова Б.Е. және №60”Ертөстік” бөбекжайы әдіскері Кажапиева Н.О. қатысты. Отырыс барысында, бірлескен топтың бір жылға атқарылатын жоспары құрылып, кестесі жасақталды.