№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының күнімен баршаңызды құттықтаймыз! Еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Бүгін балалармен еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік шара өткізілді!
Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру.Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету

 

        Бөбекжайымызда 09.10.2024 жылы  «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде  №42 «Түймедақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК , №44 «Шаттық» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, №60 «Ертөстік» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК №14  жалпы  білім беретін орта мектеп арасындағы «Мектеп – бақша» бірлескен серіктестік тобының бағдарламасы аясында «Біздің шебер қолдар» ата-аналармен, педагогтермен жаңа технология бойынша ойындар жасақтау тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды.

    Әр педагог пен ата-ананы  төрт үстелге асықтың түстері арқылы бөліп отырғызды. Барлық мамандарды таныстыру үшін ең алдымен «Кел таныс болайық!» шеңбері ұйымдастырылды.

      Мамандарға төрт асықпен ойын түрін жасау ұсынылды. Барлық қатысушылар қызығушылықпен ойындарды жасап шықты және өздерінің ойларын айтып өтті, соның ішінде балалармен жұмыс жасағанда пайдасына көбірек тоқталды.

     Қатысушылар шаршап қалмас үшін, қимылды ойын өткізілді. Әр бір ойынды жасау үшін  тәрбиеші Қ.Утесинова көрсетіп бағыт-бағдар беріп отырды.

    Бөбекжайымыздан қатысқан ата-аналар белсенділік танытып, балаға  пайдасы көп екенін айтып , алғыстарын білдірді.

     «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында асықтармен  жұмысты жасау мамандар үшін жауапты болды. Әр бір ұлттық құндылыққа толы ойынды жасап болып, мамандар өздері ойнап көріп, мәре-сәре болды.

     Шебер сынып соңында  мамандар және ата-аналар ойларын білдіріп, жасаған ойын құралдарымен суретке түсіп, өздеріне алар мағлұматтың көп болғандығын айтып кері байланыс жасалды

04.10.2024 жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында «Ұстаз-ұлы тұлға» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Ұстаз- мамандық, ұстаз - қасиет.Яғни ,ұстаз болу адам бойындағы ұлы қастеттердің бірі.Осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау,мадақ айтсақта артықтық етпейді.

 

Мақсаты: Педагогтердің  өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігін анықтау және ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сахна мәдениетіне баулу.

 

 

Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және жұмыста еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

Ұстаздар күні құтты болсын!

№44 «Шаттық» бөбекжай ұжымы.

№44 «Шаттық» бөбекжайында 01.10.2024 жылы «Қарттарым асыл қазынам» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеге бөбекжайымыздың ардагер ұстаздары және қызметкерлері шақырылды.Ортаңғы ересек топтарда тәрбие сағаттары өткізілді.

Мақсаты:тәрбиеленушілердің  ұлттық қадір-қасиеттерін, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

 

 

№44 «Шаттық» бөбекжайы Консультативтік пункттің жоспары бойынша қыркүйек айында бөбекжайға келмейтін балалармен «Танысқаныма қуаныштымын» мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып «Бұл қызықты» мектепке дейінгі мекемеге экскурсия жасады.

Мақсаты: Бөбекжайға келмейтін балалардың көңіл-күйін көтеру және бөбекжай өмірімен таныстыру.

 

№44 «Шаттық» бөбекжайы  Қыркүйек айында  «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Әкелер мектебі баланың физикалық,зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту.

Тақырыбы: «Отбасына деген қарым-қатынасты адам үшін ең жоғарғы құндылық ретінде тәрбиелеу»

Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі және бағдарламаның талаптары туралы түсінік беру. Балабақша мен ата-аналар арасындағы сабақтастықты нығайту. Бала қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақыру.

 

Мақсаты:Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№44 «Шаттық» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК №11 және №12 мектепалды қазақ топтары №14 мектепке саяхатқа 24 қыркүйек күні барды.

 Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар. Сондықтан, бақша балалары мектепке мақсатты саяхатты оқу бөлмелеріне кітапханаға,асханаға,спорт залына,мәжіліс залы, спорт алаңына жасады.

Мектеп оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Б.Е.Ергалиева балаларды қарсы алып, қызықты, танымды саяхатты ұйымдастырды. Балалардың әр бір қойылған сұрағаны жауап беріп, мектептің әрбір көрікті,балаларға қызықты жерлеріне  саяхатын ұйымдастырды.