Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОБАСЫ аясында «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ: ЖАҢА БАҒЫТ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС»
тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қалалық форумы өтті.
Форумның бағдарламасына сәйкес түске дейін «№42 «Түймедақ» бөбекжайы педагогтер іс-тәжірибелерімен бөлісті. №44 «шаттық» бөбекжайы атынан тәрбиеші Дәулетова Аниса Шопанқызы «Асық» технологиясы бойынша көрме дайындап,көрсетті.
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша, 44 “Шаттық” бөбекжайы ұжымы мектеп-балабақша сабақтастығы бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесінде «Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Мектеп пен балабақша» сабақтастығын үздік ұйымдастырғаны үшін дипломмен марапатталды. Бұл біздің ұжымның кәсіби шеберлігі мен балалардың жан-жақты дамуына қосқан үлесінің дәлелі.
Баршаңызға сәттілік және шығармашылық табыс тілеймін!















