№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

        Бөбекжайымызда 09.10.2024 жылы  «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде  №42 «Түймедақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК , №44 «Шаттық» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, №60 «Ертөстік» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК №14  жалпы  білім беретін орта мектеп арасындағы «Мектеп – бақша» бірлескен серіктестік тобының бағдарламасы аясында «Біздің шебер қолдар» ата-аналармен, педагогтермен жаңа технология бойынша ойындар жасақтау тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды.

    Әр педагог пен ата-ананы  төрт үстелге асықтың түстері арқылы бөліп отырғызды. Барлық мамандарды таныстыру үшін ең алдымен «Кел таныс болайық!» шеңбері ұйымдастырылды.

      Мамандарға төрт асықпен ойын түрін жасау ұсынылды. Барлық қатысушылар қызығушылықпен ойындарды жасап шықты және өздерінің ойларын айтып өтті, соның ішінде балалармен жұмыс жасағанда пайдасына көбірек тоқталды.

     Қатысушылар шаршап қалмас үшін, қимылды ойын өткізілді. Әр бір ойынды жасау үшін  тәрбиеші Қ.Утесинова көрсетіп бағыт-бағдар беріп отырды.

    Бөбекжайымыздан қатысқан ата-аналар белсенділік танытып, балаға  пайдасы көп екенін айтып , алғыстарын білдірді.

     «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында асықтармен  жұмысты жасау мамандар үшін жауапты болды. Әр бір ұлттық құндылыққа толы ойынды жасап болып, мамандар өздері ойнап көріп, мәре-сәре болды.

     Шебер сынып соңында  мамандар және ата-аналар ойларын білдіріп, жасаған ойын құралдарымен суретке түсіп, өздеріне алар мағлұматтың көп болғандығын айтып кері байланыс жасалды