Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету.
Өрт өшіретін құралды пайдалануды үйрету. Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу.
№44 «Шаттық» бөбекжайында Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
№44 «Шаттық» бөбекжайы жоспарға сәйкес «Менің мектебім - менің мақтанышым» мектепке саяхатқа барды.
Мақсаты: Балаларды мектепке даярлау, таныстыру.
Мақсаты: балаларға су асты әлемі, теңіз және мұхит жануарлары туралы қарапайым түсінік беру. Балық, кит, дельфин, сегізаяқ, теңіз жұлдызы, сияқты су жануарларын танып, олардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Су асты тіршілігі туралы өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
Мақсаты: Өтілген ертегілерден алған білімдерін тиянақтау.
Балаларды ертегі желісі арқылы адал достыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың көлеңке театры туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ойлау қабілетін, қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көлеңке театры арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып,кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Өз ісін жетік меңгерген, қазіргі заманғы озық технологияны ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдана отырып, баланың жан-жақты қабілетін, толыққанды дамуына қолдау көрсете білетін, білікті де, білімді, дарынды, шығармашыл тәрбиешіні анықтау.
Бөбекжайымызда 18.11.2025 жылы «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы аясында, №44 «Шаттық» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК , №42 «Түймедақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК №60 «Ертөстік» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, №14 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ арасында «Тіл-ең асыл құндылық» тақырыбында қазақ тілі пәні педагогтермен іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты тәрбиеленушілерді өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың бойында қалыптасқан игі қасиеттерді бала бойына дарытуға ықпал ету, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.