Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
05.09.2020ж. Қазақстан республикасының «Тілдер» күні мерекесі бөбекжайымызда атап өтілді. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні. Өткен жылы ҚР премьер–министрі Бақытжан Сағынтаев "Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы" үкіметтің қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады.
МКҚК № 44 Шаттык бөбекжайы кәзіргі таңда әр топта 15 баладан қабылданып жатыр. Таңертенгілік қабылдау балалардың қызуы өлшеніп, тәрбиешілер бетперде тағып келген ата- аналардан да бетперде талап етіп барлық санитарлық талаптарға сай қабылданып жатыр.
01.09.2020ж. «Білім күні» мерекесі МАД тобы арасында ертеңгілік өтті. Ән айтып, би билеп тақпақтар айтып «Білім күні» балалар үшін өте қызықты әрі есте қалаларлықтай өтті.
27-28.08.2020ж. Бөбекжайымызда МАД топтарына Ата заң мерекесіне арналған тақырыптық ашық оқу қызметі өтті. Тақырыбы: Ата заңым - Айбыным
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Ұрпақтарымызды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.