№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жаңалықтар

Құрметті Қазақстандықтар!!!

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!


Білім беру мен ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға , жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ерте жастан бастап балаларға толық жағдай жасауды , тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарау басты міндет етіп қойылды.
Сабақтастық мақсаты:- екі буын арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі сатылы дамыту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Ақтау қаласындағы білім бөліміне қарасты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «№ 44 «Шаттық» бөбекжайында әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Айтжанова Лена Куракбаевна тағайындалды.

#БізСыбайласЖемқорлыққаҚарсымыз

 

08.10.2020 жылы МКҚК №44 «Шаттық» бөбекжайында «Алтын күз» атты сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – балаларда шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Туындыларын көпшілікке жария ету мүмкіндігін ұсыну арқылы жас суретшілердің белсенділігін арттыру.

Жас бүлдіршіндерді балабақшадан бастап шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани жетілуіне әсер ету.

 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Бүгінгі 1 қазан-қарттар күнімен бөбекжайымыздың бүлдіршіндері мен педагогтері Сіздерді құттықтап ұзақ ғұмыр кешіп, бақытты да баянды шақтарыңыз мол болсын деп тілейміз!

Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

05.09.2020ж. Қазақстан республикасының «Тілдер» күні мерекесі бөбекжайымызда атап өтілді. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні. Өткен жылы ҚР премьер–министрі Бақытжан Сағынтаев "Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы" үкіметтің қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. 

МКҚК № 44 Шаттык бөбекжайы кәзіргі таңда әр топта 15 баладан қабылданып жатыр. Таңертенгілік қабылдау  балалардың қызуы өлшеніп, тәрбиешілер бетперде тағып келген ата- аналардан да бетперде талап етіп  барлық санитарлық талаптарға сай қабылданып жатыр.

01.09.2020ж. «Білім күні» мерекесі МАД тобы арасында ертеңгілік өтті. Ән айтып, би билеп тақпақтар айтып «Білім күні» балалар үшін өте қызықты әрі есте қалаларлықтай өтті.

27-28.08.2020ж. Бөбекжайымызда МАД топтарына Ата заң мерекесіне арналған тақырыптық ашық оқу қызметі өтті. Тақырыбы: Ата заңым - Айбыным
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Ұрпақтарымызды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.