№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

15 02 21 3

Тақырыбы: "Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын көтеру"

Мақсаты: Оқыту мен тірбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

03.02.2021ж. бөбекжайымызда балабақшаішілік семинар өтті. Семинарда 3 оқу қызметі көрсетілді:

1) "Ауылым - алтын бесігім!" тақырыбында кешенді ашық оқу қызметін Даулетова Аниса Шопанқызы, Бисенгазиева Индира Басыровна ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен көрсетті.

2) "Тәй-тәй технологиясы" бойынша "Қыс әлемі, көркем әдемі"атты кешенді ашық оқу қызметін тәрбиешілер: Изтурганова Н.И., Байбакова А.А., сатен А.А. және Достанова С.Д. ересек топ тәрбиеленушілерімен көрсетті.

3) Өзін-өзі тану пәні бойынша "В мире доброты" тақырыбында ашық оқу қызметін өзін-өзі тану пәні мұғалімі Суюнбаева Эльвира Едигеевна МАД орыс тобы тәрбиеленушілерімен көрсетті.