№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттақ» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңесінің отырысының хаттамасы

Х А Т Т А М А № 2

Ақтау қаласы 12 мамыр 2020 жыл.

(онлайн форматта)

Қатысқандар:- директор А.Бисенова

директордың ш/ж орынбасары Ж. Кенжебаева

әдіскерлер Л.Айтжанова, М.Онланбекова

ҚК төраймы Н.Сарсенова

 

К Ү Н Т Ә Р Т І Б І Н Д Е:

 

  1. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу, акт жасау. 

  2. «Алғыс айту» күніне орай тәрбиеленушілер мен ата-аналардың «Сізге мың алғыс» атты челленджін ұйымдастыру.

  3. «Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсету.

  4. Шағын кәсіпкерлерді бөбекжай ішіндегі жөндеу жұмыстары мен көгалдандыру мәселесіне тарту, олардың орындалу жолдарын қарастыру.

 

1.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : директор Бисенова А.О. Балабақшадағы жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының тізімін анықтап әр-бір жанұяға толық мәлімет берді.

 

2.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : әдіскер Онланбекова М. осы аталған жағдайы төмен , аз қамтылған көпбалалы отбасылар тізімін анықтап акт жасақтауды өзіне қалдырды.

 

3.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : ҚК төрайымы Сарсенова Н. карантин режиміне байланысты «Алғыс айту» күніне орай үйде отырған тәрбиеленушілер мен ата-аналардың «Сізге мың алғыс» атты челленджін ұйымдастыруға шақырды.

 

4.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : әдіскер айтжанова Л.К бөбекжайымыздағы бітіруші түлектерді карантин режиміне байланысты арнайы шығарып сала алмайтындықтан әр-бір түлектің есте қаларлықтай веньеткаға түсуін ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар «Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсету акциясын ұйымдастыруға шақырды.

 

5.Т Ы Ң Д А Л Д Ы :  директордың ш/ж орынбасары Ж. Кенжебаева бөбекжай ауласындағы өсімдіктер мен жасыл желектерге тоқтала кетті. ҚК мүшелерін көгалдандыру мәселесіне көңіл бөліп жаңа жеміс ағаштарын, гүл сорттарын отырғызуға шақырды.

 

Шешім:

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттық» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңес отырысындағы қаралған мәселелерді талқылай келе төмендегідей шешім қабылданды:

 

  1. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен таныстырылып акт жасақталсын.

  2. «Алғыс айту» күніне орай тәрбиеленушілер мен ата-аналардың «Сізге мың алғыс» атты челленджі ұйымдастырылсын.

  3. «Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсетілсін.

  4. Балабақша ауласына жеміс ағаштары мен гүлдер отырғызылсын.

 

Төрайымы: Н.Сарсенова

 

Хатшы: М.О.Онланбекова