Білім беру мен ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға , жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ерте жастан бастап балаларға толық жағдай жасауды , тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарау басты міндет етіп қойылды.
Сабақтастық мақсаты:- екі буын арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі сатылы дамыту.
Міндеттері- тәрбие мен білім беру мазмұнын тиімді әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің әдістемелік өзара әрекеттестігін сан алуан формалары арқылы жүзеге асыру;
- Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, әр алуан қызметін қамтамасыз ету үшін пәндік дамытушы ортасын ұйымдастыру;
- Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде белгілі нәтижелерге жету жолдарын, ортақ мақсат-міндеттерді айқындау;
- Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің барлық қатысушыларына өзара әрекет ету мақсатында қолайлы жағдай жасау;
- Балабақша мен бастауыш сынып тәрбиеленушілер отбасыларымен қарым-қатынас жасаудың түрлі формаларын жүзеге асыру.
Аталған міндеттерді шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі білім беру сабақтастығын жүзеге асыру жүйелі , нақты жұмыс жасауды қажет етеді.
Осы бағытта № 44«Шаттық» бөбекжйы №16 орта мектептебімен байланыс жасауда. Оқу жылының басында бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мектептермен келісім-шарт жасалып, өзара байланыс жасау жоспары жасалды. Мектепке дейінгі білім мен бастауыш білім беруді байланыстыратын біртұтас білім беру үрдісін қалыптастыру- жүйелі түрде шешуді қажет ететін міндеттердің бірі екені бүгінгі таңда анық көрсетілді. Осы міндеттерді шешу үшін біз төмендегідей бағыттар бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Ол- әдістемелік жұмыс, ата-аналармен жұмыс, балалармен жұмыс. Әдістемелік жұмыс - мектеп пен балабақша бірлесе өткізетін жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі.Әдістемелік жұмыс – семинар-практикум, тренинг, дөңгелек үстелдер, қонақ бөлмелер сияқты жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады. Тәрбиешілер мен бастауыш
сынып ұстаздары балабақша мен мектептің оқыту бағдарламаларымен танысады, өзара сабақтарға қатысады, 5-6 жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерімен, мектепте оқытуға баланың психологиялық дайындығы туралы сұхбаттасу сияқты жұмыс түрлерін жүргізеді. Аталған жұмыстар педагогикалық кеңестерде талқыланып, түзету жұмыстары жүргізіліп, баланың мектепке дайындығы туралы қорытынды жасалады.















