№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жаңалықтар

19.09.2024 жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында «Кел  балалар ойналық!» атты спорттық сайыс өткізілді.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу,тәсілдерін меңгерту. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

Қыркүйек айында  «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде №44 «Шаттық» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК-ны Мектепалды топ тәрбиеленушілері мектепке саяхатқа барды.

 Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:

балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;

балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;

балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;

тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)

10.09.2024 ж №44«Шаттық » бөбекжайының №1 педагогикалық кеңесі болып өтті. Кеңестің күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен бөбекжай директоры Эльмира Шахларовна таныстырып өтіп барлық ұжымды келіп жеткен жаңа оқу жылымен құттықтап,еңбектеріне шығармашылық табыстар мен қажымас қайрат тіледі.

Бөбекжайдың жылдық міндеттері мен мақсаттары таңдалып,бекітілді.Педагогтердің біліктілік санаттарын алуымен 6 педагог-модераторды құттықтады.Жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларының қорытынды-есебі тыңдалып ,жаңадан ашылып жатырған топтардағы тәрбиеленушілердің бейімделу кезеңдеріндегі ескеретен жәйттармен бөбекжай медбикеси Д. Избасова таныстырды.

Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының Ақтау қаласы білім бөлімінің №44 "Шаттық" бөбекжайы ЖБҚ МКҚК

Мекен жайымыз: Ақтау қаласы 27 шағын аудан №14 ғимарат.

Байланыс нөмері: 8 (7292) 41-10-17

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" №57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. №432 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып,  бейнелеу маманы, педагог-психолог және  төрт тәрбиеші бос лауазымына конкурс жариялайды.

Біліктілік тесттен өткен сертификат міндетті болуы керек.

Еңбек ақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

Негізгі функцоналдық мінтеті:

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу іс-әрекетін жоспарлайды және жүзеге асырады.

Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникцияны меңгерген.

Дене шынықтыру-салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен түрлі спорттық және сауықтыру іс-шараларын жүзеге асырады. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды.

Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурска қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.

*Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

*Жеке басын куәландыратын құжат;

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

*Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

*Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

*Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175\2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

*Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

*Наркологиялық ұйымнан анықтама;

*Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

*11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы№

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми\академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 01 тамыздан  бастап 10 тамызға дейін қабылданады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.

 

Жасыл желек – жанға сая. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борышының бірі саналады. Соңғы жылдары ғаламдық экологияның шектен тыс бұзылуына байланысты ағаш егу жұмыстары қолға алынып, сол арқылы қоршаған ортаның ауасын тазарту шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі. Экологияға пайдалы мұндай жұмыстар біздің ауданда да бір кездері қарқынды қолға алынған болатын. Алайда күтімсіз қалған ағаштар қарауы бомағандықтан, мезгілінде суғарылмағандықтан  кеуіп қалған. Мұны кент әкімінің қызметіне жақында ғана кіріскен Асқар Ибрагимов өзекті мәселе ретінде көтеріп, қарамағындағы қызметкерлері алдында талқыға салды. Нәтижесінде басшының алға тартқан мәселесіне бірауыздан қолдау білдіру мақсатында  ұйымшыл ұжым шіліңгір ыстыққа қарамастан таңғы және кешкі мезеттегі уақытын ең үлкен көше Тәуелсіздік көшесінің бойында отырғызылған ағаштарды арам шөптен тазартып, суғаруға арнайтындарын жеткізген болатын.

24.05.2024 жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында №4 «Оқу жылының қортындыларын талдау. Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» атты педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.

Мақсаты: Педаготердің жылдық есебін тыңдау, сараптау, тәрбиешілердің жылдық есебін тыңдау. Сауықтыру, танымдық және ойын-сауық сипатындағы іс-шаралардың нақты жоспарланған жүйесі балалардың физикалық және психикалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге көмектесуін қадағалай отырып үйрету.Жаңа оқу жылына бағыт, бағдар беру.

 

Тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қарым-қатынасы, яғни тәрбиеленушілердің ата-аналарының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс, ата-аналарды бөбекжайдағы өткізілетін қорытынды есеп беру ұйымдастырылған іс-әрекетіне шақыру.

№2және №9 МАД топтарының қорытынды есеп беру ұйымдастырылған іс-әрекеті.

№2 топ тәрбиешісі педагог-модератор санатындағы Джанбирбаева А.Б.

№9 топ тәрбиешісі жоғары санатты Умарова Т.Б.