№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жасыл желек – жанға сая. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борышының бірі саналады. Соңғы жылдары ғаламдық экологияның шектен тыс бұзылуына байланысты ағаш егу жұмыстары қолға алынып, сол арқылы қоршаған ортаның ауасын тазарту шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі. Экологияға пайдалы мұндай жұмыстар біздің ауданда да бір кездері қарқынды қолға алынған болатын. Алайда күтімсіз қалған ағаштар қарауы бомағандықтан, мезгілінде суғарылмағандықтан  кеуіп қалған. Мұны кент әкімінің қызметіне жақында ғана кіріскен Асқар Ибрагимов өзекті мәселе ретінде көтеріп, қарамағындағы қызметкерлері алдында талқыға салды. Нәтижесінде басшының алға тартқан мәселесіне бірауыздан қолдау білдіру мақсатында  ұйымшыл ұжым шіліңгір ыстыққа қарамастан таңғы және кешкі мезеттегі уақытын ең үлкен көше Тәуелсіздік көшесінің бойында отырғызылған ағаштарды арам шөптен тазартып, суғаруға арнайтындарын жеткізген болатын.