10.09.2024 ж №44«Шаттық » бөбекжайының №1 педагогикалық кеңесі болып өтті. Кеңестің күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен бөбекжай директоры Эльмира Шахларовна таныстырып өтіп барлық ұжымды келіп жеткен жаңа оқу жылымен құттықтап,еңбектеріне шығармашылық табыстар мен қажымас қайрат тіледі.
Бөбекжайдың жылдық міндеттері мен мақсаттары таңдалып,бекітілді.Педагогтердің біліктілік санаттарын алуымен 6 педагог-модераторды құттықтады.Жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларының қорытынды-есебі тыңдалып ,жаңадан ашылып жатырған топтардағы тәрбиеленушілердің бейімделу кезеңдеріндегі ескеретен жәйттармен бөбекжай медбикеси Д. Избасова таныстырды.















