Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының Ақтау қаласы білім бөлімінің №44 "Шаттық" бөбекжайы ЖБҚ МКҚК
Мекен жайымыз: Ақтау қаласы 27 шағын аудан №14 ғимарат.
Байланыс нөмері: 8 (7292) 41-10-17
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" №57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. №432 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, бейнелеу маманы, педагог-психолог және төрт тәрбиеші бос лауазымына конкурс жариялайды.
Біліктілік тесттен өткен сертификат міндетті болуы керек.
Еңбек ақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
Негізгі функцоналдық мінтеті:
Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу іс-әрекетін жоспарлайды және жүзеге асырады.
Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникцияны меңгерген.
Дене шынықтыру-салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен түрлі спорттық және сауықтыру іс-шараларын жүзеге асырады. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды.
Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурска қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
*Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
*Жеке басын куәландыратын құжат;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
*Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
*Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
*Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175\2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
*Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
*Наркологиялық ұйымнан анықтама;
*Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
*11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы№
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми\академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 01 тамыздан бастап 10 тамызға дейін қабылданады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.















