10.12.2024 жылы консультативтік пункттің жоспары бойынша бөбекжайға Раунақ Інжу,Мұхтар Айсана, Исенбай Абу-бакир, Ислам Кәусар ата-аналарымен бөбекжайға келді. Ата-аналар мен балаларға арналған педагогикалық және балалар әдебиетін таңдау барысында қазақ тілі пәні мұғалімі Жантакбаева С.Қ. топтағы кітап бұрыштарымен таныстырып, балаларға қызықты кітаптарды көрсетті.Үйден келген балдарға бұл өте қызықты болды.
Ата-аналар да өз ризашылықтарын білдіріп,бөбекжай мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып ,тығыз байланыста болатынын жеткізді.















