№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, мобильді топтың ұйымдастыруымен балабақша мен ата-аналардың ынтымақтастығын нығайту, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарыту мақсатында, Ақтау қаласы, №44 «Шаттық» бөбекжайында «Балалықты еске алу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға аудан, қала мектептерінен 30 мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты. Семинарда «Ұлттық құндылық-ел қазынасы», «Қар ханшайымы», «Ою-өрнек сыр шертеді», «Балалықты еске алу» тақырыптарында шебер сыныптар, ашық сабақтар мен тренингтер көрсетілді

Семинар соңында педагогтер кері байланыс орнатып, семинардан алған іс-тәжірибелері туралы өз ойларын ортаға салды.