Ақпарлама
«Экологиялық тәрбие және педагог» жобасы
№42 «Түймедақ», №44 «Шаттық», №60 «Ертөстік» бөбекжайлары ЖБҚ МКҚК, №14 жалпы білім беретін орта мектеп және бөбекжайымыздың «Аналар мектебі» арасындағы «Мектеп-бақша» бірлескен серіктестік тобының бағдарламасы аясында педагогтердің экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Экологиялық тәрбие және педагог» жобасы өткізілді.
І кезең – «Жіппен танысу» тренингі. Ата-аналар мен педагогтер арасында жағымды қарым-қатынас орнату, өзара сенімді нығайту және топтық ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында «Жіппен танысу» тренингі ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, жылы лебіздерін білдіріп, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетті. Бұл кезең ата-аналар мен педагогтер арасындағы байланысты нығайтып, еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
ІІ кезең – «Шығармашылық қалдықтардан жасалған қолөнер» көрмесі. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану идеясын насихаттау және шығармашылық қабілеттерді дамыту мақсатында ата-аналар мен педагогтер арасында қалдық материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар пластик бөтелкелер, қағаз, картон және басқа да қайта пайдалануға болатын материалдардан түрлі сәндік бұйымдар мен шығармашылық жұмыстар ұсынды. Бұл кезең ата-аналар мен педагогтердің бірлескен шығармашылығын арттырып, қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.

























