№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Бүгін Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, ұлт тарихындағы қайталанбас тұлға Абай атамыздың туған күні. Абай - қазақ әдебиеті ғана емес, ұлттың қалыптасу жолында шексіз еңбек еткен Ұлы тұлға!

Біздің басты міндеттеріміздің бірі - ертеңгі ел іргесі атанатын бүгінгі жастардың бойына Абайды оқуды, оның ілімі мен білімін сіңіртіп қана қоймай, өмірлік ұстанымына айналдыру дағдысын қалыптастыру мақсатында бөбекжайымызда «Абай-дана,Абай-дара тұлға» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Ұлы кемеңгер ақын Абайдың әндерімен және шығармалары арқылы туған елге,жерге деген сүйіспеншліктерін арттыру.
Тәрбиеленушілер Абай атамыздың өлеңдерін жас ерекшеліктеріне қарай жаттап,айтып берді.