МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында 16-17.06.2021 жылы ересек топтар арасында "Алақай,жаз келді!"атты ашық оқу қызметі өткізілді.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын,бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда -деп А. Құнанбаев өлең жолдарында жырлағандай, балалардың жаз мезгілі туралы түсініктерін толықтырып,жаз мезгілінің ерекшеліктері мен құбылыстарын ойындар арқылы түсіндіре білу мақсатында өтті.















