24.02.2022ж күні балабақшада жас мамандар арасында «Үздік жас маман-2022» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, оларға қолдау көрсету, кәсіптік шеберліктерін көтеру мен жетілдіруге жағдай жасау. Байқауға 5 жас маман қатысып, өз білімдерімен жинаған кәсіби шеберліктерін көрсете білді. Байқаудың ережесіне сай барлық кезеңдерінен жоғары балл жинап тәрбиеші Таскымбаева Айгерім Жеңісқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ II дәрежелі дипломмен Олжабай Гулнұр Амантайқызы, ал III дәрежелі дипломмен Кирбаева Инкар Есенгалиевна марапатталды.















