Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25.01.2023 жылы №44 "Шаттық" бөбекжайында қалалық "Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде ойын технологиясын қолданудың тиімділігі"атты семинар өткізілді. Мақсаты: Ойын арқылы әлеуметтік құбылыстарды баланың жас ерекшелігіне сай түсіндіру. Балаларды тату қарым-қатынаста болуға үйрету, ойын барысында бір-біріне көңіл бөле отырып сүйіспеншілікке, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық адамгершілік сапаларын қалыптастыру. Семинарда үш ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді. 1-ші ұйымдастырылған іс-әрекетті ересек топ тәрбиешісі педагог-модератор Қамиева Жазира Аманқосқызы 2-ші ұйымдастырылған іс-әрекетті жоғары санатты педагог Кадирова Утибике Хайруллаевна, 3-ші Ұйымдастырылған іс-әрекетті МАД тобының тәрбиешісі Даулетова Аниса Шопанқызы және кіші топ тәрбиешісі Дүйсенбаева Арайлым Таңатқызы өткізді.
<pМКҚК № 44 «Шаттық» бөбекжайында 09.02.2023ж. «Жетістіктер апталығы» өткізілді. Жетістіктер апталығында №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Кантурлиева Т.М Тақырыбы: «Ауылға қонаққа барайық», №8 ересек тобының тәрбиешісі Жумагазина Ф.Е. «Құстар-біздің досымыз», №10 МАД тәрбиешісі Османова Р.А. «Умники и умницы» атты ашық кіріктірілген іс-әрекеттер өткізілді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді жақсы алып шықты. Жетістіктер апталығына әр бөбекжайдан 9 педагог қатысты. Қатысқан педагогтер өз пікірлерін білдіріп, бір ауыздан жоғары әдістемелік деңгейде өтті деп бағаланды.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Байқауға бөбекжайдан 15 тәрбиеленуші қатысты МАД және ересек топтардан.
№12 топ тәрбиеленушісі Мырзағали Мирас Бас жүлдені иеленді.
Мақсаты:Балалардың өткен материалдардан білімін нығайту,қарапайым есептерді шешуге, өз ойларын жеткізе білуге, тіл байлығын дамыту және эстетикалық талғамдарын арттыру.
19-22.10.2022 жылы МКҚК №44 «Шаттық» «Берекелі,жомарт күз» атты ертеңгіліктер өткізілді.
Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
18.10.2022жылы МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында Республика күніне орай "Қыран елім-Қазақстан" тақырыбында патриоттық өлең оқудан байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты: Еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.